Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 маусымдағы № 136 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы № 46 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 75 Қаулысымен күші жойылды
Екінші деңгейдегі банктердің қызметтерін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 маусымдағы № 136 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4301 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің пруденциалдық нормативтерді орындауы жөніндегі есеп беру ережесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Ереженің 5, 6, 14-16-қосымшасында көрсетілген есептер қағаз және электронды тасымалдағышта ұсынылады, осы Ереженің 17-20-қосымшасында көрсетілген есептер электронды тасымалдағышта ұсынылады, осы Ереженің 1-4, 7-13, 21, 22-қосымшасында көрсетілген есептер қағаз тасымалдағышта ай сайын есепті айдан кейінгі айдың жетінші жұмыс күнінде Астана уақыты бойынша 18.00 сағаттан кешіктірмей ұсынылады.
Осы Ереженің 20-қосымшасына сәйкес көрсетілген есеп қағаз тасымалдағышта растауынсыз электронды тасымалдағышта сондай-ақ келесі есептің аптаның үшінші жұмыс күнінде апта сайын ұсынылады.
Осы Ереженің 23-қосымшасына сәйкес көрсетілген есеп қағаз тасымалдағышта растауынсыз электронды тасымалдағышта Астана қаласы уақытымен 18.00 кешіктірмей есепті күннен кейінгі аптаның жетінші жұмыс күнінде ұсынылады.»;